Түркістан
EN

Түркістанда туристік полиция бір айда 650-ге жуық азаматқа қызмет көрсетті

51
12.08.2025

Түркістанда туристік полиция құрылған. 25 қызметкерден тұратын взвод Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, «Керуен сарай» кешені, Президент саябағы сияқты орындарда туристердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді. Инспекторлар шетелдіктерге елде болу ережелерін түсіндіріп, көші-қон заңын бұзғандарды анықтайды, өтініштерді қабылдап, туристік аймақты патрульдейді. Көп жағдайда олар мекенжай, тамақтану орындары мен көрікті жерлерге бағыт сілтейді, такси шақырып береді. Отандастар да жоғалған балаларды, жеке заттар мен телефондарды табу үшін жүгінеді. Қызметкерлер бейнетіркеуіш, планшет, рациямен жабдықталған, қазақ, орыс, түрік, қытай, ағылшын тілдерін және ел тарихын меңгерген. Қалада туристерге арналған «SOS» батырмасы да жұмыс істейді. Мұндағы мақсат - еліміздің туристік тартымдылығын арттыру.