Түркістан
EN

Биыл 77 жоба жүзеге асып, 300 мың қазақстандық газбен қамтылмақ

44
12.08.2025

 Биыл елімізде 300 мың қазақстандық көмір тасып, күл шығару машақатынан құтылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жалпы, Қазақстан бойынша газдандыру деңгейі 62,4%-ға жеткен. Бұл 20 млн халықтың 12 миллионы табиғи газға қол жеткізді деген сөз. 2024 жылы 4 000 км-ден астам газ құбыры салынып, 93 жоба іске асырылды. Биыл тағы 77 жобаны аяқтап, 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.