Шығыс Қазақстан облысында 9 млрд теңгенің электр энергиясын заңсыз сату фактісі анықталды. Заңға сәйкес майнинг кәсіпорындарына электр энергиясы тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде ғана сатылуы тиіс. Алайда бірқатар энергокомпаниялар екі жыл қатарынан бұл тәртіпке бағынбай, 50 мегаватт-сағаттан асатын электр қуатын қолды қылған. Бұл - 50–70 мың халқы бар қаланың энергия тұтыну көрсеткішіне тең.