Елімізде жаңа пәтерлердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ға өсті. Ал, екінші нарықтағы тұрғын үй құны 7,3%-ға артқан. Ұлттық статистика бюросы жаңа пәтерлердің орташа бағасын бір шаршы метр үшін 528,5 мың теңге болғанын жариялады. Ең жоғары бағалар бұрынғыша Алматы, Астана және Атырауда тіркелген. Сондай-ақ, бір жылда елдегі пәтер жалдау құны да 8,2%-ға қымбаттады. Өткен айда пәтер жалдау құны орташа есеппен бір шаршы метр үшін 4,5 мың теңгені құрады. Жылдық өсім бойынша Ақтөбе көш бастап, баға 32%-ға өскені белгілі болды.