Түркістан
EN

Президент дарынды жастармен кездесті

47
11.08.2025

 Еліміздің білімді және дарынды жастары Ақордада бас қосты. Мемлекет басшысы ірі халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Алтын, күміс және қола медаль иеленген жастарға 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржылай сыйақы берілді. Оқушылар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен. Президент жастарға барынша жағдай жасау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті.