Кентауда жастардың спорттық рухын көтеретін ерекше шара өтті. «JAS SPORT FEST» – Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған үш күндік мерекелік бағдарлама. Бұл фестивальға тек жергілікті жастар емес, қала іргесіндегі ауылдардан да қатысушылар жиналды. Олардың арасында еріктілер де, этнос өкілдері де, спорт сүйер қауым да бар. Ең кішкентай қатысушы — небәрі тоғыз жаста болса, ең үлкені — 35 жаста.