Түркістанда Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухани мұралары насихатталды. Ұлы ақынның туған күніне орай өткен шараға өңір басшысы мен ардагерлер және зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты жиында хакімнің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Сондай ақ, өңірдің белсенді жастарына арнайы кітаптар табысталды.