Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Президент тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік наградалар жүйесіне алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағы енгізілді. Ал бүгін салада еңбегі еленген қызметкерлерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Премьер-министр тиісті марапаттарды табыс етті. Үкімет басшысы марапаттау рәсімінде құрылыс саласының ел экономикасындағы маңызын атап өтті.