Түркістан
EN

Шетелдік азаматты 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды

86
08.08.2025

Ақмола облысының CyberPol қызметкерлері Болгария азаматын 102 миллион теңгеге алдаған қылмыстық топтың мүшелерін ұстады. Қаскөйлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушіге ірі көлемдегі ақшаны бөгде адамдардың шотына аударуға көндірген. Құрықталғандар Павлодар облысының тұрғындары. Оған қоса, қылмыстық схеманың тағы төрт ықтимал қатысушысы белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілердің Көкшетау қаласы мен Қорғалжын ауданында болған екі ұқсас алаяқтық фактісіне де қатысы болуы мүмкін. Басқа жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.