Түркістан
EN

Министр күріш алқаптарының сумен қамтылу жағдайын тексерді

84
08.08.2025

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының сумен қамтылу жағдайын тексерді. Ведомство басшысы Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы шаруа қожалықтарында болып, күріш алқаптарының жағдайымен танысты.  Қазіргі Қызылорда облысында бес магистральдық және үш шаруашылықаралық канал арқылы кезекпен су беріліп жатыр. Осылайша аймақта егілген дақылдың 98%-ы кезекпен суарылуда. Су беруді жақсарту үшін су ресурстары және ирригация министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігі ирригациялық каналдарға жылжымалы сорғы қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізген.