Түркістан
EN

Қазақстанда алғашқы АЭС құрылысы ресми түрде басталды

44
08.08.2025

Қазақстан тарихындағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы ресми түрде басталды. Шараға ҚР Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев, сондай-ақ  еліміздегі алғашқы АЭС құрылысын жүргізетін ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Жиында көпшілікке Нововоронеж үлгісіндегі болашақ АЭС-тің макеті таныстырылды.  Стратегиялық нысан Алматы облысындағы Үлкен ауылында бой көтермек. Жобаға жалпы 14-15 млрд доллар инвестиция тартылмақ. Құрылыс 2035–2036 жылдары аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда мұнда жер қазу, топырақ сынамасын алу жұмыстары жүріп жатыр.