Түркістан
EN

Қоқыс тастап айналаны ластайтындарға жаза күшейтілді

49
08.08.2025

Түркістан облысында қоқыс тастап, айналаны ластайтындарға қарсы күрес күшейтілді. Облыс әкімінің тапсырмасымен «Таза Қазақстан» акциясы аясында тәртіпті күшейтуге бағытталған кешенді жұмыс қолға алынған. Енді қоғамдық орындар мен көшелер жіті бақылауда.  514 бейнебақылау камерасы тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Ал облыс көлемінде олардың саны 700-ден асады. Арнайы құрылған ахуалды бақылау тобы осы құрылғылар арқылы тәртіп бұзушыларды анықтап, учаскелік полицияға хабар береді. Мәселен, түсірілім кезінде камералардың бірінен қоқыс тастап жатқан тұрғын анықталды. Бейнежазба негізінде тәртіп бұзушы жауапқа тартылып, айыппұл салынды. Мұндай шаралар қазір облыс бойынша тұрақты жүргізілуде.