Түркістан
EN

Түркістанда «Өрлеу» институтының жаңа филиалы ашылды

63
08.08.2025

Түркістандық ұстаздар біліктілікті арттыру үшін енді алысқа сабылмайды. Облыс орталығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы ресми түрде ашылды. Бұл – 85 мыңнан астам педагогі бар өңір үшін тарихи маңызы бар оқиға.  Кәсіби даму институтының ашылуы аймақтың білім сапасының артуына айтарлықтай серпін береді дейді сала мамандары.