Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Жалпы биыл конкурсқа 113 мыңға жуық өтініш қабылданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп. Сондай ақ, гранттардың 60 пайызы инженерлік және техникалық бағыттарға бөлініпті. Бұл өз кезегінде елдегі экономиканың басым салалары үшін жоғары білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы жылы «Серпін» бағдарламасы арқылы грант ұтқандар көп екен. Енді 2 мыңнан астам талапкер еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде білім алмақ. Айта кетейік, конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%-ға игеріліп отыр.