Түркістан облысында жанар-жағармай биыл тағы қымбаттады. Былтырмен салыстырғанда литріне Аи-92 бензинінің орташа бағасы 20,8%, дизель отыны 28 %, Аи-95 бензині жиырма төрт процентке өсті. Ал, Қазір жанар-жағармайдың бағасы біршама тұрақты. Үкіметпен бекітілген шекті бағадан аспайды және жетіспеушілік байқалмайды. Бүгінде АИ-92 маркалы бензиннің 17 күндік, Аи-95-тің 9 күндік, Дизельдің 14 күндік қоры бар.