Қазығұрт ауданында «AMANAT» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөрееваның қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Кездесу барысында қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелер көтеріліп, тұрғындардың нақты өтініш-тілектері тыңдалды. Қоғамдық қабылдауда нәзік жандылар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Қабылдау барысында азаматтар мүгедектігі бар балаларды бағып отырған аналардың баспана мәселесі қаралды.Сондай-ақ, кәсіп бастау үшін жер телімін бөлу, жастар мен ардагерлерге арналған орталықтарды дамыту сынды маңызды сұрақтар қойылды.