Түркістан облысында балалар арасында қызылша инфекциясын жұқтыру деректері жиілеген. Дерттің алдын алу үшін өңірде шұғыл шаралар қолға алынған. Жыл басынан бері жиырма төрт мыңнан астам балаға қызылша мен қызамыққа қарсы вакцина егілген. Бірақ бұл – тек бастамасы. Мамандар қауіпті індеттерге қарсы күресті күшейтуде. Толығырақ тілші тарқатады.