Алматыда ұрлықшы әйелдер ұсталды. Сұғанақтар негізінен зейнеткерлерді тонаумен айналысқан. Бірнеше қарт адамның пәтеріне кітап сатушы ретінде кіріп, үйдегі бағалы заттарын үптеп кеткен. Алдымен үй иесінің назарын басқа жаққа аудару үшін су әкеліп беруін сұраған. Ең үлкен олжалары 4 млн теңгеге дейін жеткен. Екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың қалада жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.