Ұлттық ұлан сарбазы кемеңгер Абайды ерекше тәсілмен бейнеледі. 6636 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Мәди Сәкен ұлы тұлғаның портретін ниткография техникасымен жасаған. Мәдидің қарулас достарымен бірге жасаған туындысы - ақын мерейтойы тұсында Абай әлеміне деген құрметтің көрінісі. Қарапайым құралдар - жіп пен желім арқылы жасалған портрет ағартушы бейнесін дәл, әсерлі әрі мазмұнды түрде жеткізген.