Түркістан облысында қысқа дайындық қазірден басталып кетті. Өңірге жылыту маусымына қажетті 76 728 тонна көмір жеткізілді. Бүгінде қоймада 100 мың тоннаға жуық қор жинақталған. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалымен өңірде 28 аймақтық оператор айналысуда.