Түркістан
EN

Бензин бағасы бақылауда

21
07.08.2025

Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы біртіндеп өсіп келеді. Қазір оның литрі 204-221 теңге аралығында сатылуда. Осыған байланысты, ҚР Энергетика министрлігі жанармайдың негізсіз қымбаттауына жол бермейтінін айтты. Бұл мақсатта өңірлерде арнайы штабтар құрылды. Сонымен қатар, тасымалдау бойынша заңсыз әрекеттерге қатысты қатаң бақылау жүргізілуде.  Айта кету керек, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында  жанармай бағасы көрші елдердегі бағамен теңестірлетінін мәлімдеген болатын.