Түркістан
EN

Доллар бағамы 514 теңгеге жетті

293
05.03.2022

Доллардың бүгінгі бағамы 514 теңгеге жетті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, АҚШ ақшасы 5,77 теңгеге өскен. Таңғы саудада оның құны 497, 2 теңгемен тоқтаған болатын. Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510-514 , Ал Нұр-Сұлтанда 512-512,5 теңгеден саудалануда. Ұлттық банк дерегі бойынша, доллардың 4-наурыздағы  ресми бағамы - 492, 28 теңге.