Түркістан
EN

Биыл 38 мың бала мектеп табалдырығын аттайды

19
07.08.2025

 Түркістан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 29 мектеп салынады деп жоспарланған. Оның 13-і былтыр пайдалануға берілсе, 16 мектептің құрылысы әлі жүріп жатыр. 2025 жылы 41 мектеп реновациядан өтеді. Жаңа оқу жылына дайындық мәселесі облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев төрағалық еткен мәжілісте қаралды. Жиында сондай-ақ мектептерді уақытында тапсыру, өрт қауіпсіздігі, лицензиялау, техникалық базамен қамту жағы талқыланды. Көтерілген мәселелер облыс әкімінің бақылауына алынып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.