Түркістан
EN

Тұрғындар мәселесі тыңдалды

25
07.08.2025

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Облыс орталығындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде өткен қабылдауда азаматтар интернет серверінің заңсыз орнатылуы, құрылыс саласына қолдау, жұмыс ауыстыру секілді түрлі мәселелерді көтерді. Аппарат басшысы өтініш иелерін мұқият тыңдап, әр шағым бойынша сала жетекшілеріне нақты тапсырма жүктеді. Жеке қабылдауға жазылу үшін «eOtinish» базасы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне жүгінуге болады.