Түркістан
EN

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ашылды

50
06.08.2025

Семейде көру қабілеті төмен және зағип жандарға арналған еліміздегі ең ірі әрі заманауи инклюзивті кітапхана ашылды. Ерекше нысан «Самұрық-Қазына» қорының бастамасымен, Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай тарту етілді. Бұл әлеуметтік осал топтарға арналған бірегей орталық жылына 15 мыңнан астам келушіні қабылдай алады. Арнайы техникалармен жабдықталған кітапханада зағип жандарға арналған Брайль қарпіндегі кітаптар, аудиоқорлар мен цифрлық ресурстар ұсынылған.