Абай рухына арналған мүшәйра мәресіне жетті. Семейде өткен «Өлең – сөздің патшасы» атты халықаралық жыр бәйгесінде 80-ге жуық жас ақын бақ сынаған болатын. Бүгін байқау жеңімпаздары анықталып, салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Поэзия мерекесіне айналған шараның қорытындысын тілшіміз Ернұр Уәлихан баяндайды.