Шардара су қоймасындағы су деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты қала тұрғындары үшін ауыз су тапшылығы сезіліп отыр. Қала күніне шамамен 12-15 мың текше метр су тұтынады. Алайда, қазіргі жағдайға байланысты бұл көлем толықтай қамтамасыз етілмей отыр. Мәселе қалай шешілмек? Тілшіміз анықтап көрді.