Абайдың 180 жылдығына орай Семей қаласында ерекше жоба жүзеге асты. «Самұрық-Қазына» қоры көру қабілеті төмен жандарға арналған жаңа инклюзивті кітапхана тарту етті. Бұл – әлеуметтік осал топтарға арналған еліміздегі ең ауқымды әрі заманауи кеңістіктердің бірі. Әріптесім Ернұр Уәлихан тікелей байланыста, кітапхананың ашылу салтанатынан хабар таратады. Ернұр, қайырлы күн, ерекше кітапхана жайлы тарқатып айтып берсеңіз. Сөз кезегі өзіңізде.