Түркістан
EN

«Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды

42
06.08.2025

Елімізде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Жоба аясында кәсіпкерлерге жылдық 12,6 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен жеңілдетілген несие ұсынылады. Қарыз сомасы инвестицияға – 7 млрд, ал айналым қаражатына – 3,5 млрд теңгеге дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, кепілзат тапшылығы мәселесін шешу үшін екі деңгейлі кепілдік қорлары қарастырылған. Бұл бастама отандық бизнесті дамытуға тың серпін береді.