Түркістан
EN

Түркістан облысында 100-ден аса елді мекеннің бас жоспарына түзету енгізіледі

33
06.08.2025

Түркістан облысында 100-ден аса елді мекеннің бас жоспарына түзету енгізіледі. Өңір аумақтарының кешенді сызбасы әзірленіп, сараптамаға жолданған. Жыл соңына дейін облыс мәслихатмен бекітілмек. Бүгінде Біркөлік, Сарыағаш және Жібек жолының бас жоспарын реттеу жобалары әзірленіп жатыр. Бұл мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың қатысуымен өткен кезекті мәжілісте талқыланды. Облыс басшысы салаға жауапты мамандарды жинап, сәулет ісіне бей-жай қарамауды ескертті. Айта кетейік, аймақта барлығы 801 елдімекен бар, соның тек 794 ғана бас жоспармен қамтылған.