Түркістан
EN

Тауарлар таңбаланады

20
06.08.2025

 Үкімет сауда саласын цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау мәселесі қаралды. Сауда жүйесін жаңғырту мақсатында тауарлардың ұлттық каталогы енгізіліп, негізгі ақпараттық жүйелер біріктірілді. Енді Е-ТРМК жүйесі толық интеграцияланып, тауарларды таңбалау кеңейтіледі. Агромаркетплейс іске қосылып, ауыл кәсіпкерлері қолдау табады. Көкшетау мен Павлодарда цифрлық азық-түлік ваучерлерінің пилоттық жобасы іске қосылады. Мақсат — ашықтықты арттырып, бизнестің цифрлық мүмкіндіктерін кеңейту.