Жетісай ауданында инвестиция көлемі 200 миллион теңгені құрайтын ірі өндіріс ошағы жұмыс істеп тұр. Асықата кентінде орналасқан кәсіпорын 2019 жылдан бері темір-бетон құрылыс материалдарын өндірумен айналысып келеді. Қуаттылығы айына 30 мың шаршы метр өнім шығаруға жететін зауыт аймақтың құрылыс секторын сапалы әрі отандық материалмен қамтамасыз етіп отыр. Өндірістің тыныс-тіршілігімен арнамыздың тілшісі Бекболат Тілеуберген арнайы барып танысып қайтты.