Түркістан
EN

74 мың адам жұмыспен қамтылды

66
05.08.2025

 Түркістан облысында жыл басынан бері 74 мың адам жұмыспен қамтылды. Оның 35 812-і тұрақты, 38 215-і уақытша субсидияланған жұмыс орындарына орналасқан. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында айтылды.  Жауапты сала өкілдерінің айтуынша, өңірдегі жұмыс орындарының көбеюіне жеке тартылған инвестициялық жобалар да ықпал етуде. Биыл жеке қаржы есебінен 125 жобаны жүзеге асыру көзделге, 7 айдың көрсеткішіне сәйкес оның 88-і іске қосылып үлгерген. Нәтижесінде, 1 398 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Жобалар негізінен ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және туризм салаларына тиесілі. Бұл ауылды жерлердегі жұмыссыздықты азайтуға оң әсерін тигізбек,-дейді мамандар.