Түркістан облысында жаңа оқу жылында 48 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа барады. Бүгінде оның 33 мыңға жуық бала мектепке қабылданған. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, жаңа оқу жылына дайындықты күшейтуді тапсырды.