Түркістанда ана мен бала денсаулығын жақсартуға бағытталған халықаралық деңгейдегі маңызды шара басталды. Мұнда акушер-гинекологтар мен акушерлерге арналған шеберлік сабақтары өтуде. Үш күндік тәжірибелік тренингке Ресейден жетекші медициналық мамандар арнайы шақырылған. Олар 3 күн бойы жергіліікті мамандармен өз білімдерімен бөлісіп, саладағы тың тәсілдерді симуляциялық жабдықтар арқылы көрсетпек.