Төлеби ауданының орталығындағы жаңа шағын аудан тұрғындары бірнеше жылдан бері кәріз құбырынан шыққан қолаңса иіске тұншығып отыр. Өйткені мұндағы кәріз құбырының тозығы жеткен. Тұрғындар да бұл мәселені белсенді көтеріп, шаршаған. Ал дәл осы мәселеде биліктің айтар уәжі қандай?