Түркістан
EN

Отырарда үш мектеп жаңарады

60
04.08.2025

Жаңа оқу жылына дайындық қызу. Биыл Отырар ауданында үш бірдей білім ошағы толық күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ауданға іссапармен барып, компанияларға қатаң ескерту жасады. Артылған міндетті сапалы атқарып, жұмысшыларды көбейтуді тапсырды. Жаңғырту жұмыстары маусым айында басталған болатын. Қазір ішін әрлеп, қасбетін жаңартып, инженерлік желілерін толық ауыстырып жатыр. Кестеден кешіккен мердігер компания айыппұл төлейді.