Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Жедел түсірілімдегі кадрларда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары, шенеуніктің үйінен ірі көлемдегі ақшаның тапқанын көрсетеді. Сондай-ақ оның жұмыс орнында да тінту жұмыстары жүргізілгені байқалады. Қазір вице-министр сот шешімімен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.