Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден озды

57
2025.08.04

 Әйгілі ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев 74 жасында дүниеден өттІ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткерінің қазасына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты. Ғарышкер 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Фабричное ауылында дүниеге келген. Талғат Мұсабаев - авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. Ол 2007–2016 жылдары ҚР Ұлттық ғарыш агенттігін басқарды. 2017–2023 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.