Алакөлде жағалаудан ұзап кеткен 14 адам құтқарылды. Оларды төтенше жағдайлар департаментінің мамандары патрульдеу барысында байқап қалған. Демалушылар жағалаудан 20 шақырым қашықтықтағы аралда қалып қойғаны анықталды. Қайықтың ақаулығы салдарынан топ өз бетінше жағаға шыға алмай жауын-шашын мен бұршақ астында тұруға мәжбүр болыпты. Жедел-құтқару жасағының күшімен барлық зардап шеккендер жағалауға жеткізілді. Олардың арасында 8 бала бар. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.