Туризм саласы, инвестиция тарту, өзіндік кірістерді ұлғайту жұмыстарын жандандыру керек. Сарыағашқа жұмыс сапарымен барып, аудан активімен кездескен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров осылай деді. Мәжілісте ауданды дамытуға қатысты маңызды мәселелер қаралып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ аймақ басшысы коммуналдық сала өкілдеріне жаңа техникалар тапсыру рәсіміне де қатысты.