Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында 900 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Заманауи үлгідегі нысанның жобалық-сметалық құны 5,1 млрд. теңге. 4 гектар аумақты алып жатқан мектеп биыл пайдалануға беріледі. Сондай ақ, мұнда 50 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде ғимараттың ішкі әрлеу, баспалдақтарына кафель төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, айналма жол, лоток орнату және сыртқы абаттандыру шаралары да қолға алынған. Нысанды толық аралаған облыс әкімі, жауапты басшылар мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын уақтылы орындауды тапсырды. Жалпы «Келешек мектептері» жобасы аясында Түркістан облысында 29 мектеп ашу көзделген. Оның төртеуі осы Сарыағаш ауданында салынды.