Түркістан мен Шымкентте 48 адам бостандыққа шықты. Рақымшылық конституцияның 30 жылдығына орай жасалған. Шара аясында өңірде жазасын өтеп жатқан 381 адамның іс-құжаты сот органдарына жолданған. Бүгінде оның 72-сі толық қаралды. Нәтижесінде 48 сотталған азамат бостандыққа шығып, 14 адамның жаза мерзімі қысқарды