Түркістан
EN

«Абаймен ойлан, Абаймен толған» - онкүндік басталды

114
01.08.2025

Биыл қазақтың ұлы ақыны  Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Осыған орай Түркістан облыстық «Фараб» кітапханасы «Абаймен ойлан, Абаймен толған» атты онкүндік басталды.  Аталған шара – Хакімнің рухани мұрасын кеңінен насихаттап, қара сөздері мен поэзиясы арқылы жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға және әдеби-көркем ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Онкүндіктің ашылу салтанатында Абайдың әуезді әндері шырқалып, өлеңі мен қара сөздері оқылды. Ұйымдастырушылар бұл бастама аясында алдағы күндері түрлі іс шаралар өтетінін жеткізді.