Күріш – дәнді дақылдар тобына жататын, ас мәзірінде жиі қолданылатын маңызды азық-түлік өнімі. Мақталы өлке Мақтааралда да бұл дақылдың өнімі артуда. Кәсібін аталған өніммен жандандырып отырған кәсіпкер 15 миллион теңгеге техника алған. Бүгінде бизнесін егістік алқаптан бастап, дайын цехқа дейін жеткізіп отыр. Толығырақ тілшіміз Бекболат Тілеуберген тарқатсын.