Табиғи паркте қар барысы мен қарақұйрық жүр

289
2025.07.31

 «Алтын-Емел» ұлттық паркі сирек кездесетін жануарлардың видеосын жариялады. Ұлттық парк аумағында орнатылған фототұзақтар Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін жануарларды таспалаған. Атап айтқанда, осы маусымда фототұзақ нысанасына қар барысы мен қарақұйрық іліккен. Бұл деректер аталған жануарлардың парк аумағында тұрақты мекендейтінін дәлелдейді. Айта кетейік, қар барысы Қазақстанда өте сирек кездесетін жыртқыш аң.