Құтқарамын деп көз жұмды

49
01.08.2025 02:44

Ақтауда ер адам суға батып бара жатқан адамдарды құтқарып, өзі мерт болды. Тарқатып айтар болсақ, Құрық ауылының 39 жастағы тұрғыны Ерлан Шонтабаев Каспий теңізіне батып бара жатқан екі қызды құтқарып, кейін тағы бір адамды құтқаруға тырысқанда өзі суға кетті. Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға орнында екі ер адамның денесі табылған. Марқұмның артында жұбайы мен бес баласы қалды, ең кішісі — үш айлық. Аймақтың ТЖД басшысының атынан марқұмның отбасына алғыс хат табыс етілді.