Түркістан
EN

Қаржы пирамидасы ұсталды

36
31.07.2025

 Павлодар қаласында «TAKORP» қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды. Қатысушылары ұйымға криптовалюта сатып алу арқылы тіркеліп, кемінде 5 жаңа салымшыны тартуға міндеттелген. Нәтижесінде, 80-нен астам азамат уәделерге сеніп, пирамидаға 30-дан 500 АҚШ долларына дейін инвестиция салған. Олар  2 мың АҚШ долларына дейін бонус аламыз деп үміттенген. Алайда алаяқтарға ұрынғанын кеш түсініпті. Қылмыстық жолмен алынған табыс 59 млн теңгеден асып отыр.