Түркістан
EN

Сұйытылған газ қымбаттайды

44
31.07.2025

1-тамыздан бастап елімізде біраз өзгерістер күшіне енеді. Мәселен ертеңнен бастап,  сұйытылған газ қымбаттайды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, сұйытылған мұнай газын өндіру шығыны тоннасына 70-80 мың теңгеге жетіпті. Ал шекті баға 51 932 теңге болып қалған. Соның салдарынан зауыттар шығынға батып, өндірістен бас тарту қаупі туған. Осыған байланысты сұйытылған газдың бөлшек бағасында өзгеріс болмақ.