Түркістан қаласында жаңартылған жолдардың үлесі 70%-ға дейін артады. Мәселен биыл 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін артпақ. Жөндеу жұмыстары негізінен қаланың инфрақұрылым жүйелері толық аяқталған Шауғар, Яссы, Отырар және Бекзат тұрғын алаптарында жүргізіледі. Айта кетейік, бүгінде шаһарда жалпы ұзындығы 845 шақырымға жететін 875 көше бар.